Айдын Жасыбай Алматы қаласында квест тапсырмаларын орындай алды ма?

«Qazaq Quest» - travel-show бағытындағы квест элменттері бар жоба отандастарымызға, сондай-ақ бүкіл әлемге Қазақстанның әр қаласын жеке таныстырып, олардың ерекшелігі мен әдемілігін, табиғаты мен ешкімнің көзі жетпеген жерлерді көрсететін болады.

Бағдарламаның алғашқы шығарылымында жүргізуші әрі саяхатшы Айдын Жасыбай Қазақстанның жасыл желегіне айналған және халқы тығыз орналасқан әсем қала Алматыға саяхат жасайды. Көмекші гидпен бірге ол 28 гвардияшы Панфиловшылар атындағы паркке, Медеу мен Шымбұлаққа, Ботаникалық саябаққа, сондай-ақ Жасыл базарға, Қазақстан қонақ үйіне соғып, Qazaq Quest-тің қиын тапсырмаларына жауап іздейді.



×