Qazaq TV телеарнасы 18 жасқа толды!

Тамыры тереңнен бастау алған тарих, бабалардан жеткен асыл мұра, шартарапқа танылған өнер, Батыс пен Шығысқа дәнекер болған салиқалы саясат, ел ертеңі үшін еңбек еткен жандар туралы танымдық хабарлар. Бәрі де Qazaq TV телеарнасында.  Бұл өзі ешбір телеарнаға ұқсамайтын дара арна. Мұнан әркім танымы мен талғамына сай дүниені табары сөзсіз.

Qazaq TV – бұл Қазақстан туралы, оның тарихы, мәдениеті, дәстүр-салты мен қазіргі болмысы туралы жан-жақты айтып  көрсететін бірегей телеарна. Ол  Еуропа мен Азияның тоғысындағы жаһандық процестерді бастан өткеріп жатқан Қазақстан туралы баяндайды.

Qazaq TV – Еуразия төсіндегі ұлан-ғайыр даланың теле энциклопедиясы. Небәрі 20 жылдың ішінде телеарна көрерменнің көңілінен шыға білді.  Бұл – бүтін бір географиялық аймақ туралы мәлімет беретін медиа алаң, ал өзге елде тұрып жатқан отандастарымыз үшін тарихи отанымен байланыс құралы.



×