Ботай археологиялық ескерткіші

Жылқының алғаш рет Қазақстан жерінде қолға үйретілгені рас па? Көшпелі мәдениет нақты қай жерден бастау алады? Сонау ғасырлардан сыр шертетін сол тарихи орындарды көзбен көруге болады ма? Ал бұл бағыттағы ғылыми деректер не дейді? Осы және өзге де сұрақтарға тікелей Солтүстік Қазақстан даласында ұйымдастырылған туристік зерттеуімізде жауап береміз.

Қазақстанның тарихы көшпелілер мәдениетімен өте тығыз байланысты. Себебі жылқы көшпелі жандар үшін үй жануары ғана емес, адал серік, мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең сусын бола білді. Асауға алғаш рет ауыздық біздің даламызда салынды деген болжам, міне осы жерде, Солтүстік Қазақстанда орналасқан Ботай қонысын қазу кезінде дәлелденді.

Ботай археологиялық ескерткіші энеолит дәуіріне жатады. Ол 1980 жылы ашылды. Ашылуына атақты солтүстікқазақстандық археолог Виктор Зайберт себепкер болды.



×