Сақтар – отырықшы ма, әлде көшпенді тайпалар ма?

2019 жылы Өскемен қаласынан 35 шақырым жердегі Ақбауыр тауының етегінде археологиялық лагерь пайда болды. Қазақстанның киелі картасына енген, жыл сайын мыңдаған зияратшы мен турист келіп-кететін, ел сыртында да жақсы мәлім жер бір жазда-ақ мұқият зерттелетін ғылыми нысанға айналды. Топтың басшысы – тәуелсіз Қазақстан аумағында сақтарды зерттеуді бастаған адам. Әңгімеміздің келесі тарауы да сол туралы болмақ.

«Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешені Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бөлімі. Екі жыл бұрын ауқымды қазбаның орны қалың шөп өсіп тұрған. Ал туристер жұмбағы мен аңызы мол үңгір мен жартастар туралы көп сұрайтын. Бұл жерді Қазақстандағы Стоунхендж немесе тас дәуірінің обсерваториясы атайтын.



×