Қаланың ақсаусақтары ауылға келді...

Qazaq TV арнасында ТҰСАУКЕСЕР! Жаңа реалити-шоу! Байланыс аясынан тыс жерде!

Бұл реалити-шоуға өнер әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар, көрерменге қызықты, актер, блогер, жайдарманшы, әнші, модельер жастардан құралған, өзінің мінез-құлқымен, болмысымен ерекшеленген 6 жігіт, 6 қыздан құралған 12 адам үлкен кастинг арқылы таңдалып алынды. Олардың барлығы – кең далада, жусан иісін сезінгісі келетін, киіз үйде тұрып көруді армандайтын, бастысы – реалити-шоудың қызығы мен қиындығына төтеп беруге бел буған қыз-жігіттер.

Олар жай күн кешпейді, ауыл тірлігін жасап, сынға түседі, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен жақынырақ танысады. Бір қызығы, олар реалити-шоудың бағдарламасын толық білмейді. Көп ақпараттан, жүргізушілер беретін тапсырмалардан бейхабар.

Ендеше, реалити-шоуға кастингтен өткен қатысушылар кімдер? Бағдарламаның алғашқы шығарылымында не болады? Қызықтан қалмайық!



×