«Хабар» Агенттігінің 25 жылдық мерейтойы. 2-ші бөлім

Бір жобалардың мақсаты ақпарат беру болса, екіншісі көрерменнің  көңілін көтеруге тырысады, енді бірі әлеуметтік әлісіз топ өкілдеріне қоғам назарын аударады, қол ұшын береді. 25 жылда Хабар агенттігі медиа кеңістіктегі алпауыттардың біріне айнала білді. 

Ешкімде жоқ идеяны жүзеге асыру, ең бірінші болып жаңа форматтағы бағдарлама жасау. Агенттіктің «қашанда бірініші болу» деген  ұраны болған. Осыдан дәл ширек ғасыр бұрын Қазақстан  телевизиясының ақпарат қызметінде пайда болған Хабар отандық телеарналар арасындағы көш бастап тұр.

Хабар мұндай беделге республикадағы медиа кеңістікте пайда бола салысымен бірден ие болды. Бұл 90-шы жылдардың орта шені еді. Сол жылы елде Қазақстан халықтары Ассамблеясы құралды. Бір айдан кейін алғашқы референдум өтіп, халық бірауыздан президент сайлады. Төрт айға жетер-жетпес уақытта Ата заңымызды қабылдады. Сол жылы парламентке сайлау өтіп, халық ауызбіршілік танытып, екі палаталы парламент мүшелерін сайлауға  атсалысты. Бұл өзі ел өміріндегі маңызды оқиғаларға бай жылдар еді, деп еске алады агентікте бұрыннан қызмет етушілер.



×