«Хабар» Агенттігінің 25 жылдық мерейтойы. 1-ші бөлім

Осыдан 25 жыл бұрын  қазанның 23-інде «Хабар» өз алдына іргесін бөліп шықты. Сол кезден бері тек жақсы өзгерістермен, тың бастамалармен ақпарат айдынында көшбасшы ретінде танылды. Алғашқы күннен бастап-ақ «Хабар» түрлі технологиялық инновацияларды енгізіп, заман ағымынан қалыспай, алға ұмтылып отырды, көрерменінің көңілінен шығу үшін аянып қалмады. Бұл бағытынан әлі де болса, жаңылмай келеді.  

1995 жылы Қазақ телевизиясының жаңалықтар қызметі жанынан «Хабар» ақпарат агенттігі ашылады. Бұл мемлекет өміріндегі маңызды оқиғалармен тұспа-тұс келген кез.

11 сериал, 96 мультфильм – бұл Агенттіктің өткен жылы түсірген дүниесі. Ал биылғы жаңалықтармен агенттік басшылығы ірі МИПКОМ медианарығында таныстырды. Хабар үшін бұл телеөндірісті кеңейтуге мүмкіндік, жаңа іскерлік байланыстарды жолға қою, сонымен қатар эфирді одан сайын қызық ете түсу мүмкіндігі болмақ.



×