Коронавирус: Қазақстандағы ахуал, сақтық шаралары, індетпен күресу

COVID. Chronics бағдарламасының алғашқы шығарылымында коронавирус бойынша елдегі ахуалды көрсетеміз. Құралай Жарқымбаева және Руслан Байдаулетов есімді волонтерлермен сұхбат құрамыз. Көршілес Қырғызстанның жұқпалы індетпен қалай күресіп жатқанына назар аударып, оңалту маманы Елена Сорокинаның кеңестеріне құлақ түреміз.   

Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин шараларының күшейтілуі мүмкін екенін ескертті. Оған тұрғындарымыздың сақтық шараларына салғырт қарауы себеп болып отыр. Яғни, әлеуметтік ара қашықтық пен маскалық режим бұрынғыдай сақталмайтын болды. Осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзу дерегі 10 процентке артқаны анықталды.  



×