Қыпшақтар тұрғызған Израиль жеріндегі мешіттер мен көпірлер

Ғылыми экспедиция Израиль елінде. Бұл мемлекеттің тарихында қыпшақ мәмлүктері қандай із қалдырған? «Сұлтан Бейбарыс Рамла мен Лод қалаларында мешіттер, көпірлер салдырыпты» деген дерек бар. Ол нысандар осы күнге жеткен бе? Қалауынның ұлы ан-Насыр Мұхаммед сұлтанның тұсында тұрғызылған «Ақ мұнара» аталатын ғимарат қай шаһарда орналасқан?

Израиль жеріндегі мәмлүк ғимараттары, Сұлтан Бейбарыс салдырған нысандар, Сұлтан ан-Насыр Мұхаммед салдырған мұнара. Осының барлығы бағдарлама барысында айтылатын болады.



×