Мәмлүктердің Иордания жерінде билік құрған кезеңі

Ғылыми экспедиция Иордания еліне сапарында – мәмлүктер дәуірінен хабар берер қандай ескерткіштерді іздеп тапты? Аджлун аталатын қамалды қалпына келтірген қай сұлтан? Жергілікті ғалымдар қыпшақтар билік құрған кезеңді қалай бағалайды?

Бағдарламада сондай-ақ, Иордания жеріндегі мәмлүктердің мұрасы, Аджлун қамалын қалпына келтірген сұлтан, Қыпшақ сұлтандарының еңбегі мен ерлігі туралы баяндалатын болады.

Иордания жерінде мәмлүктер заманының естелігі болар ескі ғимараттар көп. Солардың бірі де бірегейі – Аджлун қамалы. Ол ел астанасы Амман қаласынан, солтүстік-батысқа қарай бағыт алғанда, 70 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қамал болғаннан кейін, төңірек көрінетіндей төбе басына салынуы керек. Аджлун – теңіз деңгейінен 750 метр биікте.



×