Иорданиядағы Сұлтан Бейбарыс салдырған ғимараттар

Ғылыми экспедиция – Иорданияда. «Әл-Карак» қамалында «сұлтан Бейбарыс салдырды» дейтін қандай ғимараттар бар? Мәмлүктердің тұсында қант қызылшасы егіліп, қант өндірілгенін қаншалықты рас? Осы елдің асханасындағы «мансаф» атаулы тағамының қазақтың «наурыз көжесімен» ұқсас болуында – сұлтан Бейбарыстың қандай қатысы бар?

Бағдарламада, сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс салдырған ғимараттар, Мәмлүктер тұсындағы шаруашылықтар, Мансаф тағамы мен Наурыз көженің ұқсастығы туралы толығырақ баяндалады.

Исламның қорғанына айналған қыпшақ сұлтандары Иордания Хашимит Корольдігінің де тарихында үлкен із қалдырған. Оның әсері әлі де байқалады. Бір дәлелі ретінде осы елдің Қарулы күштерінің нышанындағы қылышты айтуға болар?! Ол – қыпшақ қаруы. Осындай қайқы қылышты, Мысыр мен Шам жеріндегі мұсылман әскерлері, мәмлүктер билік тізгінін ұстағаннан кейін қолдана бастапты. Оны араб зерттеушілері айғақтап отыр.

Пікірлер