Ұйғырлар: шығу тарихы, мәдениеті мен дәмді тағамдары

Бүгінгі шығарылымда екі мың жылдық тарихы бар, көне ұлт саналатын ұйғыр халқымен жақынырақ таныстысамыз.

Ұйғыр халқы – Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Сан ғасырлық тарихты бастан кешірген, салт-дәстүрі мен мәдениеті де ерекше бай ел. Ұйғырлар туралы алғашқы мәліметтер көне түркі жазбаларында, тіпті біздің дәуірімізге дейінгі ежелгі Қытай Жылнамаларында да кездеседі.

Жалпы әлем бойынша олардың  саны 15 миллионға жақын  екен. Көбісі Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында өмір сүреді.Сонымен қатар осы ұлт өкілдері Орта Азия мемлекеттерінде, Еуропа және Түркияда да тұрады. Ал Қазақстанда ұйғырлардың саны 300 мыңға жуық екен. 

Пікірлер