Қыпшақтар билік жүргізген кезеңде Ливан мемлекеті қалай дамыды?

Ғылыми экспедиция – Ливанда. Бас қаласы Бейруттегі Ұлттық музейде сақтаулы тұрған қыпшақтар кезеңіне тиесілі жәдігерлер несімен ерекше? Сидон қамалының жанындағы мешітті мәмлүктер мемлекетінің қай билеушісі салдырған? Аз-Заһир Бейбарыстың ұрпағы Бадер Бейбарыс қандай жаңа ақпараттармен бөлісті?

Мәмлүктер мемлекетін құрған қыпшақ сұлтандары – мұсылманның қорғаушысы. Басқа да араб елдеріндегі сынды Ливанда да сұлтан Бейбарыс, сұлтан Қалауындарды осылай құрметтейді. Себебі, олар ислам әлемін крестшілердің бодандық қамытынан босатып алумен қатар, мешіттер мен медреселер, кітапханалар, ауруханалар тұрғызып, жолдар мен көпірлер салып, ғылым мен өндірісті дамытып, халықтың тұрлап қалған тұрмысын қайта жақсартыпты. Және сол артына қалдырған асыл мұраларының көпшілігі әлі күнге дейін адамзат игілігіне жарап тұр. Оны «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының Бейрутке сапарында жинаған ақпараттары да айғақтайды.

Пікірлер