«Дервиши» тобы: құрылуы, өнер жолы және болашағы

Бүгін елімізге танымал ұйғыр халқының «Дервиши» тобының шығармашығы жөнінде айтатын боламыз.

«Дервиши» тобы алғаш 1999 жылы құрылған болатын. Оның негізін салушылар Әділ Жамбакиев, Азиз Масимов, Дильмурат Бахаров және Раимжан Хамраев. Топтың алғаш сахнаға шығуы «Азия дауысы» халықаралық фестивалінде бастау алды. Аталмыш фестиваль топ қоржынын үздік ән өңдеуші дипломы мен жылдың үздік әні деген марапатпен толықтырды. Мәдени қызмет жолында Дервиши тобы 5 альбом шығарып, көптеген бейне баян түсіріп, бүкіл Қазақстанды кезіп, әрі қарай Түркия, Әзербайжан, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Болгария, Тайланд елдерінде өнерлерін паш етті. Кейін топ құрамында өзгерістер болды. Ол жайында бағдарламада білетін боласыздар.

Пікірлер