Ұйғыр лағманын дайындау әдісі

Ұйғыр халқы ұлттық тағамдарға өте бай. Әйгілі лагман мен мантының өзі шаңыраққа келген кез келген қонақтың көңілінен шығатыны сөзсіз.

Ұйғыр халқының ең сүйікті және кеңінен таралған тағамдарының бірі «лағман». Бұл арнайы дайындалған сәймен бірге ұсынылатын, жуан кесілген шиыршықтардан қамырды жіңішке етіп созу арқылы дайындалатын ұзын кеспе. Жыл мезгіліне қарай, «лагман» 4 түрге бөлінеді. Көктемде бұл тағам үшін сәй көк жуа, жусай, балдыркөк пен шалғамнан дайындалады. Жазда – қияр, сарымсақ,  қысқа және ұзын үрме бұршақ, қызанақ, жасыл және қызыл бұрыш, баялды қосылады. Күзде – сәбізден, шомырдан, шалқаннан жасалса, қыста – кептірілген және тұздалған көкөністерден әзірленеді. Сонымен қатар «лагманның» кеспесінің қалыңдығына, ұнның түріне қарай дайындау әдістерімен ерекшеленетін түрлері де бар.

Ендеше, біз бүгін лағман тағамын дайындаймыз.

Пікірлер