Қылқалам шеберлері Хамза Кикимов және Гүлбарам Исмаилованың шығармашылығы

Суретші Хамза Қиқымовтың шығармашылық жолы шалқар шабытқа толы. Ол – туған жер, әсем табиғат сияқты жанына жақын тақырыптарды кенеп бетіне түсіруден әсте жалыққан емес. Қылқалам шеберінің картиналарынан самал желдің, дархан даланың рухы сезіліп тұрады. Сондықтан болар көркем туындыларды көрген сайын жаның рахаттанып, бақытқа бөленгендей күй кешесің. Гүльбарам Исмаилова – тағдыры таңғаларлық, қайталанбас өзіндік қолтаңбасы бар суретші. Ол аты аңызға айналған тұлғаларды талай мәрте көрген сәттерін бүгінде сағынышпен еске алады.



×