Қырым татарларының ұлттық қолөнері

Қара теңіздің жағасында орын тепкен Қырым түбегіндегі ұмытылмас саяхатымыз өз жалғасын табуда.

Кез келген халықтың түп тамырын, салт-дәстүрін, ұлт ретінде ерекшелігін танытатын дүниенің бірі ол – қолөнері. Ежелден қолданбалы өнердің  көптеген түрін игерген қырым татарлары көне кәсіптерін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, ғасырлар өте ұлттық мәдениетін қалыптастырған. Ендеше атадан қалған кәсіп бүгінгі күнде қалай дамуда, оның өзгелерден ерекшелігі неде? Бүгінгі шығарылымда мен осы сұрақтардың жауабын іздейтін боламыз.  

Қырым татарлары – ертеден әр түрлі кәсіппен шұғылданған халық. Олардың қолөнершілері өз тәжірибелерімен қатар, Кавказ, Иран, Орта Азия халықтарының да дәстүрлерін қабылдаған еді. Соның нәтижесінде, олар осы кәсіптің алдыңғы қатарлы техникасына ие болды.

Пікірлер