Орталық Азияның үздік кинопродюсерлері

Бүгінгі бағдарламамызда кез келген киножобаның табысты болуына сүбелі үлес қосқан, талай ауқымды жобаларға жетекшілік еткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның кинопродюсерлері туралы айтамыз.

Қысқаметрлі картинаның да, толықметрлі фильмнің де түсіріліміне үлкен команда ат салысатыны баршаға белгілі. Осы орайда, кино – командалық жұмыс екені сөзсіз. Дегенмен, фильм жарыққа шыққаннан кейін көрермен көбіне актерлер, режиссерлер, сценаристер туралы айтып жатады.Ал кино жобаны жүзеге асыру жолында тер төккен кәсіп иелері –продюсерлер көлеңкеде қалып қояды.

Ендеше, бүгінгі біздің бағдарламамыздың кейіпкерлері – кинопродюсерлерлер:

Қазақстандық кинопродюсер,режиссер,оператор – Ренат Қосай;

Қырғызстанның үздік кинопродюсерлерінің бірі – Нұрлан Мамакеев;

Өзбекстандық кинопродюсер – Ойбек Абдушукуров.



×