Әл-Фараби және философ тасы

«Есік сықырлап ашылды. Сырттан енген ауа шамның алауын сөндіре жаздады, табалдырықта тұрған елшінің түр әлпеті анық көрінбейді. Бірақ үстел үстіне еңкейген адам кім және не үшін келгенін сұрамай ақ білді. «Аса мәртебелі әміршім, саған қосымша уақыт береді. Ай жетінші рет шыққанша бәрі дайын болуы керек. Баскесер жендет бұйрықты орындауға сақадай сай екенін ұмытпа». Әл-Фараби жайлы аңыздан үзінді.  

Аңызға сүйенсек, Бағдат халифының сарайында бір әлхимик қызмет етеді. Оған халиф қазынасын кемітпеу үшін алтын жасап шығару міндеті жүктеледі. Көп ізденген алхимик амалын табады. Бірақ ол жасап шығарған алтын жұмсақ болып, іс жүзінде пайдалануға жарамайды. Сонда халиф Бағдадқа ең ақылды әрі тәжірибелі адамды шақыруды бұйырады. Келген ойшыл жарамсыз алтынды кәдеге жаратудың жолын табады. Ақылды алхимиктің есімі Мұхаммад Әбу Насыр әл-Фараби болатын.  

Пікірлер