Суретші Хашимжан Курбанов шығармашылығы

Хашимжан Курбанов бесінші сыныпта оқып жүргенде сурат салуға ынтасы басталған еді. Бірде әкесі  ұлының салғандарын әйгілі суретші Әбілхан Қастеевке көрсеткенде, ол «бұл баланың бойында керемет талант бар» дейді. Міне, осылай ұлы суретші  батасын  берген көрінеді.   

Бүгінде Хашимжанның есімі әлемге әйгілі. Оның айтулы еңбектері Қазақстанның, сондай-ақ АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Швеция, Швейцария сияқты әлемнің басқа да елдерінің музейлерінде сақтаулы тұр. Шебердің қолынан шыққан, кескіндеме, асқабақтың бетін көркемдеу өнері, мейлі ол графика болсын, осының барлығында ұлтының тарихы көрініс тапқан.        

Пікірлер