Сергей Ряснов – бейне мен табиғат тылсымын үйлестірудің шебері

Бұл суретшіні бейнелеу өнерін бес саусақтай білетін мамандар ғана жақсы таниды. Оның картиналары Алматы мен Елорда іргесіндегі зәулім баспаналардың, Американың қала сыртында орналасқан әдемі үйлерінің, Еуропадағы ескі ғимараттардың сәнін келтіріп тұр.

Сергей  Ряснов  көңіліңді  шуаққа бөлейтін, жаныңызға жайлылық беретін табиғат көріністері мен  натюрморт салуға құмар. Осындай сұлулықты сүйе білуінің қандай құпиясы бар, оның туындыларындағы  сиқырлы күштің сыры  неде? Ол Ауғанстан жеріндегі соғысты көзімен көрсе де, жүрекке  сезім беретін табиғаттың ғажап сұлулығын қалай сақтаған деген ойда боласың? Ол Мәскеудің Суриков атындағы көркемсурет училищесінің үшінші курсында оқып жүргенде соғысқа барған. Ал қазір қылқалам иесі  үн шуағы мен айналадағы әдемілікті  ішкі түйсігімен сезіне біледі.   

Пікірлер