Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы

Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы. Бұл – күллі Орталық Азия бойынша бірегей мекеме. Себебі ол – жәдігерге бай, жай ғана ауқымды көрме емес, 40 жылға жуық уақыт бойы музыкалық артефактерді зерттейтін, көне аспаптарды қайтадан жөндеп, жаңадан жасайтын зерттеу орталығы қызметін атқарып келе жатқан орын.   

Бұл мұражай 1980 жылы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысына сәйкес ашылды. Алғашқы кезде 500-ге жуық экспонаттан тұратын топтама, бұрын Сейдалин ақсақалдың  үйі болған, екіқабатты тарихи ғимаратқа қойылды. Бірақ жәдігерлердің саны тез көбеюіне байланысты, үш жылдан кейін, мұражайда басқа жерге көшірді. Бір айта кетерлігі, бұл ғимарат та Верный сәулет өнеріне жататын, өте маңызды арихтектуралық ескерткіш.



×