Қазақтың музыкалық үрмелі-соқпалы аспаптары

Соқпалы аспаптардың ырғағы – адам баласына есте жоқ ерте замандардан  серік болып келе жатқан дыбыс. Кезінде, ежелгі адам, алақанын шарт еткізіп, алғаш рет елең етерлік дыбыс шығарды. Кейін тастар мен таяқтарды ұратын болды. Уақыт өте келе, әртүрлі соқпалы-шулы аспаптар шықты.

Бүгінде ондай аспаптардың түр-түрі бар, кез келген жанрдағы музыкалық шығармалардың басым бөлігі бұл аспаптарсыз ойналмайды. Себебі соқпалы аспаптар ырғақ береді, ал ырғақсыз музыка болмайды.

Айтқандай, орыс тіліндегі «барабан» деген сөздің түркі тілдерімен байланысы болуы мүмкін. Оны татардың «дарабан» немесе түркінің «балабан» деген сөздерінен шықты дейтін жорамалдар бар. «Бан» ежелгі түркі тілінен аударғанда «дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы да соқпалы аспаптарды ежелден-ақ, өзінше жіктеп, топтап тастаған.   



×