Алтын Орда. Қара өлім

Хан алда қиын жағдай күтіп тұрғанын пайымдап еді. Жұлдызға қарап бал ашушылардың жорамалы да оның көңілін көтшітпеді. Жөн білетін сопылар үнсіз отырды. Бір қарағанда қауіптенетін ештеңе жоқ секілді. Әдеттегідей әскери жорық. Ұлы орданың іргетасын мұндай ұсақ-түйек жағдайдың шайқалтуы мүмкін емес. Күмәнді ойлардан дереу арылған Жәнібек қолбасшыларды жинауды бұйырды.    

Әлемге ықпал еткен жергілікті жанжал. Жібек жолы қалай өлім жолына айналды? Алтын орданың алтын жылдары және зауалды шағы.

Пікірлер