Қазақстан аймақтарында стартапты дамыту: Startup Sapary бағдарламасы

Алматыда Astana hub халықаралық технопаркінің мамандары Startup Sapary бағдарламасын және оның модулдерінің бірі «Стартап мектебін» ұсынды. Бұл қарқынды курстың негізгі мақсаты – қысқа мерзім аралығында ісін жаңадан бастаған елдегі кәсіпкерлерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. Мәселен, технопарк тәлімгерлері тыңдаушыларға классикалық бизнестің стартаптан ерекшелігін, оның артықшылықтары және Қазақстан нарығында қандай технологиялық шешімдер сұранысқа ие екенін түсіндірді.

Пікірлер