Қазақ киносының Париждегі алғашқы фестивалі қалай өтті?

Отандық фильмдер Париж төрінде. Франциядағы алғашқы қазақстандық кинофестиваль қалай өтті? Сырлы сұхбат пен егжей-тегжейлі мәліметтер.

«Pride» бағдарламасы Елисей алаңынан репортаж ұсынады.

Осы жолы біз талғампаз еуропалықтарға отандық кино өнерін паш ету мақсатында франция астанасы Парижге қазақстандық кинобизнестің мэтрлерімен бірге аттанамыз.

2019 жылы қыркүйек айының соңында Париж төрінде Қазақстан киносының Франциядағы алғашқы фестивалі өтті. Шара отандық кинематография саласының жарық жұлдыздары мен Француз кино майталмандарының басын қосып, қазақстандық киноөнімінің географиялық шекарасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Көрермендер мен кәсіби мамандардың қызығушылығы аталмыш шараның өз уақытында жүзеге асқанын дәлелдегендей.

Пікірлер