Пандемиямен күрестің жаңа стратегиясы: COVID-19-дың денсаулық саласына әсері

COVID-19-дың барлық сала мен қоғам өміріне кері әсері ауқымды болды. Бірнеше айдан бері коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендемегеніне қарамастан, үкімет дағдарысқа тиісті деңгейде әзірленбеді. Салдарынан денсаулық сақтау саласына түскен жүк ауыр болды. Коронавирус індеті денсаулық сақтау саласындағы қандай проблемаларды айқын көрсетті? Дәрі-дәрмек пен медициналық жабдық тапшылығының туындауына не себеп болды? Қордаланған мәселелерді шешу үшін үкімет қандай қадам жасады? Пневмония мен коронавирус статистикасы неге біріктірілді? Жоспарлы медициналық көмек көрсету қашан жанданады? Бұл сауалдардың жауабын Impactful бағдарламасының жаңа шығарылымында Ләззат Шатаевамен бірге білеміз. Қонақта денсаулық сақтау саласындағы кеңесшісі Әли Нұрғожаев.

Пікірлер