Жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесі

Өзін-өзі танымаққа ұмтылған, жаратылыс мәнін, адамзат жанын түсінуге жүгінген жазушы Төлен Әбдіктің кейіпкерлері де ізгілік пен биік парасат иелері. Қаламгердің «Оң қол» әңгімесі тіптен қызық. Ендеше, хабарымыз осы шығарма желісіне арналады.

Төлен Әбдік – жазушы, драматург, 1942 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Бірнеше әңгімелер мен повестер жинағының авторы. Төлен Әбдік – адам жанын терең қопарып зерттеп жазатын жазушы. Оның қаламынан туған әңгімелер қазақ прозасына тақырыптық қана емес, философиялық, психологиялық тұрғысынан да көптеген жаңалықтар әкелді. Кейіпкерлерін қоршаған орта мен құндылықтар қақтығысына түсіру арқылы мәңгі адамзаттық мәселелерді көтеріп, шешімін іздейді.

Пікірлер