Almaty roboman 2019: Робототехника бойынша жарыс

Робототехника бойынша Almaty roboman III турниріне Алматы, Қостанай және Жамбыл облыстарының оқушылары мен студенттері қатысты. Олар өз жобаларын көрермендер мен қазылар алқасына 7 номинация бойынша ұсынды.

Алишер Кәкімов пен Бахтияр Тілеумурзин турнирге Қостанайдан келді. Жасына қарамастан, олардың жасап әкелген дүниесі аса маңызды – қолдарға арналған бионикалық тарту протездері. Жасөспірімдер мүмкіндіктері шектеулі және шынтақтары мен иығы зақымданған адамдардың өмірлерін жеңілдетуді армандайды.

Тағы бір әлеуметтік маңызы бар жобаны Андрей Митков пен Даниил Ерощенко ұсынды. Олардың әзірлемесі «Смайл» деп аталады. Бұл – аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған робот.



×