Алтын орда. Шыңғыс ханның өсиеті

«Жорыққа шығуды бұйырамын, Еділ мен Жайық өзендерін кесіп өтіп, Киевке, одан әрі соңғы теңізге дейін жетіңдер. Бұлғарлар, венгрлер, орыстар, қыпшақтар, барлығы 11 ел мен халықты жаулап алыңдар». Шыңғыс хан туралы аңыздан.    

Моңғолдың кең таралған аңызы:

Шыңғысхан сарбаздарына моңғол атының тұяғын соңғы теңіздің суына шаюды өсиет етіп қалдырған. Әрі қарай жер жоқ, халық та жоқ.

Соңғы теңіз дегені – Атлантикалық мұхит. Бағзы заманда халық солай ойлаған. Ұрпақтары Шыңғысханның өсиетін орындай алды ма? Неліктен Батудың Батыс Еуропаға жорығы қыпшақ жерінен басталып, сонда аяқталған|? Алтын орда аумағы қалай қалыптасты, Бұған Краков кернейшісінің қатысы бар ма?  

Пікірлер