Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасы

XX ғасырдағы қазақ халқының ауыр тағдыры жайлы ашық жазылған шығармалардың бірі – ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» дастаны. Өткеннің өзегіндегі зұлматты жылдардың ақиқатын суреттейтін поэма хақындағы әңгімемізді осы бағдарлаамызда талқылаймыз.

Ғалым Жайлыбай. Әдебиет дейтін кірпияз әлемнің даңғыл жолын көрсеткен рухани ұстаз. Табиғаты сыршыл, терең ойлы, болмысы бөлек ақын. Бір сөзінде: «Ақын өлеңнің өзі, ал, өлең ақынның өзі» дейтін. Ғалым ағаның ел арасында айтылып жүрген өлеңдері көп. Әсіресе, «Қап арқалаған қыз бала», «Гүлмира», «Күршімнің қызы» атты өлеңдерін көптеген оқырманы жатқа біледі. 

Пікірлер