Өзбекстан: діни архитектура, сәулет өнері мен қасиетті ғибадатханалар

Өзбекстан – көпұлтты мемлекет. Бұл елдің аумағында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Ұлы Жібек Жолының гүлденген тұсында, яғни орта ғасырлардан бастап-ақ бұл өңірлерге түрлі этностар келіп, қоныстана бастады. Маңызы жоғары жол торабының бойында орналасқан ірі қалаларға әлемнің әр тұсынан керуендер келіп тоқтайтын. Олардың әрқайсысы тауарларымен бірге өз мәдениеті мен дәстүрін, салтын да қоса әкелетін. Сол себепті де Өзбекстанда әртүрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. Бірнеше ғасыр бұрын салынған ғибадатханалардың әралуандығы бұған дәлел бола алады.

Исмаил Самани кесенесі – өзбек халқының өзге мәдениеттерге құрметпен қарайтындығының дәлелі. Бұл бірнеше діни дәстүрді тоғыстырған ескі заманның сәулет ескерткіші.



×