Алматы. Барыстар патшалығы

Бүгінде тұмса табиғатты ұшақ бармайтын, поезд жүрмейтін, жабайы аңдар адам көзіне түспей, биік таулардың, орман-батпақтардың арасына тығылып жүретін жерлерден ғана көруге болады деп ойлайтындар көп. Ал барыстай сұлу аңның жұмбаққа толы патшалығы екі миллиондық халқы бар алып шаһардан он шақты шақырым жерде жатыр деген сөз, талай адамның құлағына тосын естілуі мүмкін. 

1996 жылы Іле Алатауының басым бөлігі, Іле Алатауы ұлттық паркі болып құрылды. Оның аумағы екі жүз мың гектарға жақындайды. Парктің оңтүстік бөлігі арқылы  Қазақстан мен Қырғызстанның арасын бөліп жатқан мемлекеттік шекара өтеді.     

Бүгін біздің экспедициямыз осы парктің Ақсай бөлімшесіне барып қайтпақшы.

Пікірлер