Ұлттық домбыра күні

Тарихы аса терең. Ұлт тағдырында алар орны ерен, қазақтың бренді, қазақтың төлқұжаты – Домбыра! Дала дауысы, желдің уілі, тұлпардың дүбірі, халықтың мұңы, ата –баба үні бәрін бәрін бүгінгі бізге бұзбай жеткізген қоңыр домбыра.

Ұлт аспабының төл мерекесі шілденің алғашқы жексенбісінде тойланады. Жер-жерде ұлтты ұйыстыратын ұлық күнге дайындық қызу басталып, ғасырлар қойнауында жатқан көне үн тіріледі.   

Пікірлер