Ресейден оралған Әсел Құспанова атамекенінің экологиясын жақсартуға үлес қосып жүр

Кезінде тағдырдың тауқыметімен талай қазақ туған елін тастап, жыраққа кетуге мәжбүр болды. Дегенмен, атамекенге ат басын бұрып жатқан қандастардың саны жыл сайын артып келеді.  

Тарихи отанына оралған қандастардың ішінде Әсел Құспанова да бар. Ол 1986 жылы Ресейде туған. Балалық шағы Санкт-Петербургте өткен.

Өзге ортада өсіп, өзге тілде оқыса да, Әселдің жүрегі қазақ деп соқты. Өйткені ата-анасы оның құлағына тарихи отаны – Қазақстан екенін бала күнінен құйып отырды. Осы тәрбие оның атамекенге ат басын бұруына себепші болды.

Әсел өзінің таңдаған журналистика мамандығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында қызмет етеді. Сондай-ақ жасыл экономиканың өрлеуіне үлес қосып жүр. Нақтырақ айтсақ, экологияны жақсартуға бағытталған жобаларға қатысады. Әселдің мұндағы мақсаты – қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатқан тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемін азайту.

Пікірлер