Грэпплингтен әлем чемпионы Әйкерім Әбілқадыровамен сұхбат

Бүгінгі бағдарламада бұқаралық спорттың дамуына қатысты Үкіметтің жоспары жөнінде айтамыз. Грэпплингтен әлем чемпионы Әйкерім Әбілқадыровамен сұхбат құрамыз. Ал шығарылымды биші Анна Старикованың шеберлік сыныбымен түйіндейміз. 

Әйкерім Әбілқадырова спортқа ерте келді. Оны әкесі 5 жасында дзюдоға берген. Кейіннен Әйкерім бұл спортты жетік меңгеріп, биік белестерді бағындырды. 11 мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Азия ойындарында алтыннан алқа тағып, дзюдодан ұлттық құраманың көшбасшысына айналды. Алайда бір сәтте бәрі өзгеріп шыға келді. Өзге де спортшылар сияқты ауыр жарақат Әйкерімді де айналып өтпеді. Ал жазылып шыққан соң ол дзюдоны грэпплингке ауыстырды. Мұнда да Әйкерім жетістікке жетіп, әлем чемпионатында топ жарған тұңғыш қазақстандық спортшы қыз атанды.    

Пікірлер