Серік Сәпиев: Әке-шешем мені қазақы салт-дәстүрмен тәрбиеледі

Бүгінгі бағдарламада Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа спорт кешенін көрсетеміз. Бокстан олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиевпен сұхбат құрамыз. Ал шығарылым соңында Қазақстан армрестлинг федерациясының президенті шеберлік сыныбын өткізеді.  

Қазақстанда Серік Сәпиевтің кім екенін білмейтін жанкүйер жоқ шығар. Қарағанды облысындағы Абай қаласында дүниеге келген спортшы бокстан әлем чемпионатында екі рет топ жарып, олимпиада ойындарында алтыннан алқа тақты. Вэл Баркер Кубогына иелік етті. Үш жылдан бері ол мемлекеттік қызметте жүр. Қазіргі міндеті – елдегі спорттың дамуына жағдай жасау.

Пікірлер