Келагаи бас киімі, Шеки қаласы, Әзербайжанға саяхат!

Әзербайжанның шырайлы өлкесі Шекидегі саяхатымыз жалғасуда.

Шеки ежелден бері ұсталар мен шеберлердің, саудагерлердің қаласы атанған. Осы себептен Ұлы Жібек Жолы Отты мемлекеттің осы өңірінен де өткен екен. Сол қызу сауда замандарының куәсі – көне Керуен Сарай ғимараты.

XVIII ғасырда салынған ғимарат арнайы саудагерлерге қолайлы етіп тұрғызылған. Жертөлелерде саудагерлер тауарларын сақтаса, бірінші қабатта сатып, ал екінші қабатында өздері тұрған.

Бүгінде көне  керуен  сарай өзінің атқарымын жоғалтпаған екен. XXI ғасырда бұл жер қонақ үйге айналған. Осылайша туристтік орталығына айналған Шекидің қонақтары қаласа ежелгі керуен сарайда тұра алады екен.

Пікірлер