Әл-Фараби. Балалық шақтың шаһары

Үйлері балшықтан, саманнан салынған шаһардың тар көшесімен балақай жүгіріп барады. Жеті жасар бала керуен сарайға үлгеруі керек. Онда ақылды  жиһангез небәрі екі бақыр тиынға  «Алладин», «Сиқырлы құс Рух» және «Гарун Әл Рашид халиф» жайлы қызықты кітаптармен таныстырады. Балақай базар алаңын кесіп өтіп асығып барады. Өйткені керуен бес күннен кейін жолға шығады. Бәрін білсем, көрсем деген талапты жеткіншек ертегілердің қалай жазылатынын ұққысы келеді. Асығып, туған шаһарының шаңын көтерген балақай алда қандай ғажайыптар күтіп тұрғанын ол кезде әсте пайымдаған жоқ.  

Бұл балақай – болашақ ғалым Әбу Насыр Мұхамед әл-Фараби.

Ол ертегінің қалай жазылатынын білуге ұмтылды. Алайда өз өмірі аңызға айналды. Ғалым, ақын, музыкант. Әл-Фарабидің балалық шағының шаһары.

Пікірлер