Көшпенділердің таңбалары қандай мағына береді?

Мәдениетті екінші табиғат деуге болады. Бір рет адамның қолы тиген дүниенің бәрі мәдениет саласына жатады. Көшпенділер ешқашан қала тұрғызумен, су арналарын қазумен, тауларды тегістеумен айналыспаған. Сондықтан еуропалықтар мен қытайлықтар оларды артта қалған, жабайы деп санаған. Алайда мәдениет тұрғызылған қамалдың биіктігімен, кітаптардың қалыңдығымен, қазылған арықтардың тереңдігімен өлшенбейді. Мәдениет – халықтың жанының айнасы. Бірнеше мың жыл өмір сүрген Ұлы Дала көшпенділері адамзат тарихындағы ең айшықты мәдениеттердің бірін қалыптастырған.

Пікірлер