Перуді мекендейтін Инк үндістері мен қазақтың қандай жақындығы бар?

Ғылыми экспедиция – Перу елінде... Жергілікті халық Инк үндістері мен қазақтың қандай жақындығы бар? Куско қаласының іргесіндегі Сақсайуаман ескерткіші мен Алтай жеріндегі Сақсай өзенін не байланыстырады? Түркі тілдері мен кечуа тілі қаншалықты ұқсас?

Перу Республикасы... Орта ғасырларда осы аумақ мәдениеттің мәуелі бағы болған. Инк аталатын үндістер өркениеті қалыптасып, өркен жайған. Біздің заманымыздан мың жыл бұрын етек жиған ежелгі тайпалардың мәдени ықпалының негізінде 10-12-ғасырларда аса ірі «Чиму» мемлекеті құрылады. Міне, сол алып империяны Инктер құлатып, билікті қолдарына алады. 12-13-ғасырларда Урубамба өзенінің бойында Куско қаласын салып, халықты соның төңірегіне жинайды. Осылайша тегеурінді әскери одақ пайда болады. Ол күш қас болғанның қай-қайсысын да қанжарының астында қалдырып, өзіне бағындырады. Оның ақыры – 1438 жылы Тауантинсуйу атаулы мемлекеттің негізін қалауға алып келеді. Түкірігі жерге түспейтін Инктер елінің астанасы міндетін Куско атқарады.

Пікірлер