Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының болашағы қандай?

Жақында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесу болды. Кездесу барысында қазақстандық тарап Қытайдың sohu.com сайтындағы жариялымға байланысты наразылық танытты. «Қазақстан неліктен Қытайға оралуға талпынады?» деп аталатын мақала қоғамның сынына қалды. Себебі мұндағы әңгіменің ауаны – екі елдің мәңгілік жан-жақты әріптестік рухына кереғар.

Біз Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасын талқылау үшін Нью-Йоркте тұратына Уэйд Шепардпен байланысқа шықтық. Уэйд – журналист, жазушы әрі деректі фильмдердің режиссері. «Елеске айналған Қытай қалалары» және «Жаңа Жібек жолында» деп аталатын кітаптардың авторы. Біраз жыл Еуразияны аралаған Шепард мырза Қытайдың әйгілі «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен жақсы таныс.

Пікірлер