Қазақстан әйелдері II Дүниежүзілік соғыс жылдарында

Алматылық екі құрбы – Фатима Хисамутдинова мен Рауфа Мирсаитова соғыстың алғашқы күндері-ақ әскерге шақырту алды. Валентина Панфилова өзінің майдандағы жолын 41-жылдың 16 тамызында, 316-атқыштар дивизиясына қарасты медициналық-санитариялық батальонның құрамында бастады. Мәншүк Мәметова 1942 жылы, жаздың соңына қарай, өз еркімен Алматыда құрылған 100-Қазақ ұлттық жеке атқыштар бригадасына қосылып,  майданға аттанды. Хиуаз Доспанова 42-жылдың көктемінен бастап, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті. 42-жылғы ақпан айының басы, айып ротасы, осы жерде жалғыз қазақ әйелі Халида Маманова қызметін бастайды. 43 жылы Әлия Молдағұлова әскер қатарына қосылады. Қызыл әскер қатарына шақырылған кезде, осылардың ішіндегі ең ересегінің жасы – 24-те болатын.

Пікірлер