1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Бірлік бар жерде тірлік бар. Ауызбіршіліктің арқасында шағын елдер мықты мемлекетке айналса, керісінше алауыздық кезінде жаһанды уысында ұстаған мемлекеттердің тарих сахнасынан түсуіне себеп болды. Хабарымыздың бүгінгі саны Бірлік күніне арналады.

Экономикасы мықты, халқы тату, халықаралық аренада беделді  мемлекетті қалай құруға болады? Бұл сұраққа Қазақстанның мемлекет құрудағы моделі жауап бере алады. 130-дан астам ұлт өкілінің басын қосып, ынтымақ пен бірлікті ту еткен  мемлекет моделі енді әлемнің басқа да елдеріне үлгі болып отыр. 

Пікірлер