Көшпенді халықтар салған алғашқы қалалар

Отырықшы мәдениеттер көшпенділер өндіре алмайтын кейбір игіліктерді өндіреді. Мысалы, астық және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіреді.

Қолөнершілердің бұйымдарына да қажеттілік туындайды. Көшпенділердің ортасында да темір ұсталарының, құмыра шеберлерінің болғаны рас, әйтсе де қалаларда өндірілетін алуан түрлі өнімдерді көшпенді өзі жасай алмайды. Бір де бір көшпелі халық отырықшы халықтарсыз өмір сүрмейді.

Тарихтағы көшпелі және отырықшы халықтар арасындағы қарым-қатынастың ең үлкен мысалы – Ұлы Жібек жолы. Ол әлемдегі ең үлкен керуен жолының бойындағы алпауыт көшпенді мемлекеттердің, тайпалардың, көне қалалардың тарихын қамтиды.

Пікірлер