Суретші Елена Бейсембинованың туындылары

Елена Бейсембинова өнер әлемінде өз орнын ойып тұрып алған, Қазақстандағы ең таңдаулы 50 суретшінің арасында есімі бестікке ілінген қылқалам шебері. Еуропаның әуесқой коллекционерлері  оның жұмыстарын 16-17 ғасырдағы голландиялық суретшілердің еңбектерімен пара-пар деп бағалаған болатын. Суретшінің салмақты туындылары Қазақстан, Ресей, Украина, Германияның  музейлерінде сақталып тұр, ал қайсібір бөлігі ТМД, Англия, Австралия, Үндістан, Венгрия, Чехия, Швеция, Индонезия, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Изариль мен Түркияның жекелеген қоллекциясынан орын алған.   

Пікірлер