«Открытые инновации» білім орталығы. Робототехникаға баулу

2017 жылы Алматыда LEGO EDUCATION қосымша білім беру  бағдарламасының Қазақстандағы жалғыз ресми серіктесі, республикада бірінші «Открытые инновации» білім орталығы ашылды. Бүгінде елімізде балаларды робототехникаға халықаралық әдіс бойынша үйрететін үш бөлім жұмыс жасайды.

Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және өзге елдердің балалары осы халықаралық бағдарламамен дәріс алуда. Балаларды дамыту инновациялық орталығының филиалында жылына шамамен 700 жеткіншек оқиды. Ұстаздар орталық оқушыларынан болашақ инженерлер мен ғылыми қызметкерлер шығады деп есептейді.

Орталықтың басты мақсаттарының бірі – халықаралық нарыққа қажетті, бәсекеге төтеп бере алатын кәсіби мамандарды тәрбиелеу. Сабақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Пікірлер