Жылыжайда қолданылатын жаңа технология

Ірі қалалар күннен күнге өсіп, көркейіп келеді. Тұрғындар үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Ғимараттар жаңарып, жолдар жөнделді. Саябақтар мен сауда нысандары көбейді. Бірнеше ғасырлық тарихы бар ару қала – Алматы да құлпырып келеді. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдар көбейіп, жаңа су бұрқақтар тұрғызылды. Гүлмен безендірілген сәулет нысандары пайда болып, жасыл желекке оранған саябақтар ашылды. Қазақстан қалаларының көркін ашуға ат салысатын мамандардың бірі – ландшафт сәулетшісі Роман Шнайдерман. Израильде жеті жыл бойы жұмыс істеген Романның тәжірибесі мол. Ол 2005 жылдан бері Қазақстанда тұрады.

Пікірлер