Шафии Мехди. Қазақстанда тұратын ирандық ғалым

Ирандық Мехди Шафии ғарыш-энергетикалық зертханада қызмет етеді. Біз астрофизика мен ғарышнама саласындағы сан алуан ғылыми тақырыптарды зерттеп, зерделеумен айналысады. Алайда өзін астрофизик немесе ғарыш саласының маманы деп есептемейді. Ол физика мамандарына қажетті құрал-жабдықтар дайындау ісімен айналысады. Бүгінгі бағдарламамыздың қонағы да – осы кісі болмақ.

Ал Энергетикалық ғарыш зертханасы – халықаралық ғылыми орталық ретінде 2016 жылы Назарбаев Университетінде ашылған болатын. Бұл  көлемі мен технологиялардың дамуы бойынша Орталық Азиядағы тұңғыш мекеме саналады. Зертхана ғарыштық үдерістерді зерттейтін озық жобалармен жұмыс істейді. Ғарыш саласындағы құбылыстарды зерделеу ісі дәл осы зертханада жүргізіледі.

Пікірлер