Сексеуілдің емдік қасиеті мен пайдасы

Кәуап дәмді болуы үшін оны сексеуілге пісірген жөн. Бұдан 10 - 15 жыл бұрын бұл тағамды сексеуілден басқа ағашқа пісіруге болмайды деп ойлайтынбыз. Алайда, қазір жабайы өрік, алма, тіпті шие ағаштарының бұтақтарын да пайдалануға болатынын біліп жатырмыз.

Бұрын ауыл тұрғындары үйлерін жылыту үшін  сексеуіл бұтақтарын отын ретінде пайдаланған. Ал өскіндерін малға беруге болады. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінің шөл және жартылай шөлейт алқаптарында өсетін бұл ағаш - орманды жел эрозиясынан қорғап, шөлейт даланың шынайы экологиялық жүйесін сақтауға мүмкіндік береді. 21-ші ғасырға дейін Қазақстанның барлық орманды алқаптарында сексеуілдер өсетін. Қазір жағдай мүлде басқа. Адамдардың ағаштарды заңсыз отауы экологиялық апатқа әкеп соқты. Топырақты ұстап тұратын сексеуілдер күрт  азайғандықтан, шөл даланың құмы елдімекендерге жақындап қалған.

Пікірлер